Өлеңдер ✍️

  01.08.2022
  944


Автор: Айсырға Қилыбаева

60 ДЕГЕН – ТАЛТҮС

Ақ басты Алатаудай 60 келді,
Бір кезде жеткізбестей алыста еді.
Түспейтін алды-артына көлеңкесі
60-ты біздің қазақ «Талтүс» дейді.
Асаудай арам тері алынбаған,
Кеп-кеше жігіт ең ғой жалындаған.
Сұлумен Әлиядай ойнап-күліп,
60-қа жетіп қапсың арындаған.
60-ты «аз» да деме, «көп» те деме,
«60 жыл белгісі жоқ өтті» деме.
Гүрілдеп «диктор» болып отырар ең –
Есепті мамандық қып кетпегенде.
Жақсы жар Әлиядай, ошағың бар,
Қоғамға әлі талай қосарың бар.
Ұл-қыз бар – өміріңнің мұрагері,
Ақ жүрек, досқа жайған құшағың бар.
Жылқышы орден таққан, шежіреші
Әкеңіз – Маңғыстаудың Өрекесі.
Азығы жетіп үрім-бұтағына,
Әулеттің таусылмасын мерекесі!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу