Өлеңдер ✍️

  01.08.2022
  413


Автор: Айсырға Қилыбаева

КӨҢІЛДІҢ ҰШЫРАМЫН КӨГЕРШІНІН

(Ақдәрінің 60 жасына шашу)
60-тың көтерілдің аспанына,
50-ді артқа ысырып тастадың да.
Ақ жүзің жас қалпыңды сақтағанмен,
Ақ күміс шашырапты шаштарыңа.
Танытып ер Бөршенің елге есімін,
Үлгілі ұл өсірдің, қыз өсірдің.
Мен бүгін саған арнап ұшырамын
Көңілдің ақ қанатты көгершінін.
60 жыл арман бағын араладың,
Ер Қосай – аруақты бабаларың.
Атанып «Жақсы келін» ауылыңа,
Туыстан жан жылуын аямадың.
60 жас – таудан тасып асқан бұлақ,
60-тың басы – тәй-тәй, алды – мұрат.
Жақсының 60-ында айналасы –
Желегі желбіреген жасыл құрақ.
Мен келдім 60-ыңмен көрісуге,
Жайылды жапырағың өрісіңе.
Жиені Майлан Сарбас Бөршеменен
Келесің жарқын өмір белесінде.
Қасыңда жар қосағың қоса ағарған,
Түспейді қара қазан ошағыңнан.
Балалар – немере мен шөберелер
80 мен 90-ыңды тосады алдан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу