Өлеңдер ✍️

  01.08.2022
  593


Автор: Айсырға Қилыбаева

БІР ПАРТАДА ОТЫРҒАН КЛАСТАСЫМ

(Зағипа Оразбаеваның мерейтойына шашу)
60-тың шықсаң дағы асқарына,
Ақ қылау түсірмепсің шаштарыңа.
Алатау басына қар жамылғанмен,
Отман тау от шашып тұр аспанына.
Белгілі маған досқа адалдығың,
Телефон инженері – мамандығың.
Келесің ғұмыр кешіп, мұрат қылып
Бақытын, балалардың амандығын.
Өзіңе тән табиғи жүрісіңмен
Көркемдік, тазалықтың үлгісі едің.
Мінезің қарапайым, қайырымды
Болған соң, сені жақсы көруші едім.
Ұрпағы Ер Шабайдың Зағипасың,
Класта бірге отырған парталасым.
Ұлдарың кезек-кезек келін әкеп,
Той-думан отбасынан тарқамасын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу