Өлеңдер ✍️

  01.08.2022
  81


Автор: Айсырға Қилыбаева

СЕКСЕУІЛ-ҒҰМЫР

Көз тоймайтын сұлулық бар көркінде,
Кең дүние табиғаттың еркінде.
Қыста жауған қалың қардан көк өніп,
Қозықұйрық қаулап шығар бір күнде.
Сексеуілдер құм орманын құрайды,
Шөлге, желге, дауылға да шыдайды.
Түтіні жоқ, шоғы бірақ қызулы,
Қыр қазағы сондықтан да шырайлы.
Құм бораған қырды жаяу кешкенмін,
Сексеуілдей ойдақ-сойдақ өскенмін.
Тамыры тым тереңдікте жататын
Сексеуілмен тағдырласпын, өшпеймін




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу