Өлеңдер ✍️

  01.08.2022
  115


Автор: Айсырға Қилыбаева

БАБАМ-АЙ!

Бабам-ай, бас имеген ұлықтарға,
Қор болды қайран далаң мырықтарға.
Бақида не айтасың, ей, күнәһар,
Маһшарда Мүңкір-Нәңкір жолыққанда?!
Баттың-ау, қайран далам, былықтарға,
Жем болды аң мен құсың құныққанға.
Уахабшы, зікірші боп балаң кетті,
Қоғамнан әділетсіз торыққанда.
Күн көзі көкіректің тұтылыпты,
Қарынның бастан гөрі құқы мықты.
Қу түлкі айла жасап, құтылыпты.
Атамның айтып кеткен өсиеті
Қара үңгір жүректерге жұтылыпты.
Май сіңіп, күнге күйген қарағым-ай,
Ашылған қараулардың аранын-ай.
Халқына ырыс,байлық нәсіп еткен
Жәудір көз Каспийім-ай, Аралым-ай!
Қайран жұртым-ау!
Сорың ба, әлде бағың ба,
Ересің түрлі ағымға.
Басыңды шұлғып әркімге,
Отырған жоқсың тағыңда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу