Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  74


Автор: Қабиболла Сыдиықұлы

Шіркін, көңіл неткен кең?

Шіркін, көңіл неткен кең?
Бір арманға жеткенмен,
Деме тоқтап, тыншығар,
Тағы асқарға құлшынар.
Әркімде мың арман бар,
Әркім өрді армандар.
Шың деп ұғып шығандап,
Сонау құзда қалған бар.
Әр көңілдің шыңы бар,
Құлшынар да - шынығар.
Біреу жетіп қияға,
Біреу белде тынығар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу