Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  69


Автор: Қабиболла Сыдиықұлы

ХАЛҚЫМ АТЫНАН

Күш болып, Қажымұқанмен көрінемін,
Ән болып, Әміремен төгілемін.
Күй болып, Құрманғазы күмбір қағып,
Сан дәуір санасына егілемін.
Санада Қанышпенен ой тастаймын,
Ой болып Мұхтарменен бой тастаймын.
Ер Тарғын, Қамбар емес, Бауыржанмен,
Батыр боп дүниеге ойқастаймын.
Талантым шалқар теңіз тегі менің,
– Оқ! – десе, қабырғамнан сөгілемін.
Бейбіт-жаз жүрегіммен дүниеге,
Ән, ырыс, өмір болып егілемін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу