Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  67


Автор: Қабиболла Сыдиықұлы

ОТЫРСАМ ОЙЛАП...

Сан бейне ойда зырлап көлеңдеді
Қиялым шар тарапқа елеңдеді.
От сезім өрттей өршіп, алас ұрып,
Жанымды көп толқытып өлең келді.
Бір сыр кеп көңіліммен кұшақтасып,
Бір жыр кеп ақ толқынды асып-тасып,
Бір күй кеп желпіндіріп, шарықтатып,
Кетеді жан пернемді басып-басып.
Бар кейде бала жырдың жасқанбағы...
О, арман, неткен көп ең жас жандағы.
Бір ойды бір ой қуып алай-түлей,
Көшеді ала бұлттай аспандағы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу