Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  69


Автор: Мырзатай Болат

ТЕҢІЗ КЕШІ

Ғашығын күні бойы көктен іздеп,
Шаршаған Күн құлады көк теңізге!..
Табиғат осынау бір сұлу сәтін
Тұрғандай оң көзімен өткеруге.
Сұлулық дүниесінде қағып қанат,
Әлемге алуан бояу жатты тарап.
Табиғат қолындағы жер-кеседе
Шайқалған тентек теңіз – қызыл шарап!..
Ендігі Ай – патшадан етті ме үміт,
Бір Жұлдыз тұра қалды көкке ілініп.
Көк теңіз Күн – сұлумен құшақтасып,
Асығыс түн – көрпеге кетті кіріп!..
Қайтеді, қызғанса да – тұрар шыдап,
Бір шетте бұлт та қалды жыламсырап.
Қызара теңіз беті толқындайды,
Бұл – оның ұялғаны шығар, сірә!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу