Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  62


Автор: Қалбай Әбдіраманов

ҚОЗЫЛАРЫМА

Қозылардың артынан,
Маңырауға тартынам.
Қошқарындай қасаптың,
Таразыға тартылам.
Елдің-жұрттың көзі бар,
Бұттарында бөзі бар.
Мүйізіне қошқардың,
Қызықпаңдар,қозылар!..
Сойылуға асықпа,
Жойылуға асықпа!..
Бастабаққа бас болып,
Қойылуға асықпа!..
Жетіліпсің!
Жарайды!..
Ертең мұрның қанайды!
Қасап-өмір,қарағым,
Құйрығыңа қарайды!..
Көрдің бе анау жиынды,
Көретін сол сиыңды!
Ана бір шал пышақпен,
Шұқылайды миыңды!..
Тағдырыңа таң қалма,
Қара осы аңдарға!..
Ертең сенің етіңді,
Қуырады ...маңғалда!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу