Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  66


Автор: Қалбай Әбдіраманов

Бiр қыздың бiр топ жүзiгiн көрдiм жинаған...

Бiр қыздың бiр топ жүзiгiн көрдiм жинаған,
Пендеде мынау ар-иман деген жоқ бiлем!..
Менсiзде жұрттың алтынын алма сыйлаған,
Үзiлiп қызға сөз айтқыш жандар көп кiлең!..
Шын досым болсаң кайтемiн сенен сыр бүгiп,
Оңаша қалсам қариды кейде шоқ менi:
Аяулым ғой деп армандап iштей бiр жiгiт,
Жүзiгiн берген жоқ па едi !..
Көз iлмей кеште оранып шығам жалынға,
Келмесе сенгiң сөзiмдi сынап көр,мейлiң:
Сондайдың жиған бiреуiн көрсем қолыңда,
Жүзiгiмдi...бермеймiн!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу