Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  62


Автор: Қалбай Әбдіраманов

Алғам жоқ әлi бiр қала...

Алғам жоқ әлi бiр қала,
Теңiзге де анау бармадым.
Адресiңдi таппай адасып,
Қай жақта жүрсiң,Арманым!..
Күттiре бермей құр бiздi,
Көрсеңшi мынау нұрды iзгi.
Жалындап тұрып мен мұнда,
Сүйгем жоқ әлi бiр қызды.
Жалаңаш анау тырдай шың,
Алыстан қолды бұлғайсың.
Теңiздiң ащы суындай,
Көз жасым,қашан құрғайсың!..
Жану керек қой жан әлi,
Қызу керек қой қан әлi.
Алдымда тұрған ана бiр,
Алуым үшiн қаланы!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу