Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  62


Автор: Оңайгүл Тұржан

Жетегінде сері күннің...

Жетегінде сері күннің,
Ұмыттық сан бейнені.
Желбірейді көңілімнің,
Киілмеген көйлегі.
Күз де келді сырға көрік.
Қыс пен жазға араша.
Қонып жатыр қырға келіп,
Қырау-қырау қараша.
Армандарым жанды қанша,
Алыс-алыс күндерде.
Көңілдерден көрдім арша,
Жұлдыз-жұлдыз түндерде.
өтті, кетті сағым айым,
заман ойды сілкілер.
Моншақ қылып тағынайын,
Жалғыз тамшы күлкі бер.
Баяғыдай шақыршы, үмті,
Шықты тағы шатыр-күн.
Нала-мұңға батып-шығып,
Мен де келе жатырмын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу