Өлеңдер ✍️

  20.07.2022
  878


Автор: Баян Тіленшина

Кітапхана

Киелі қазынасы қасиеттің,
Даналық, ұлылықтар бас иетін,
Шежіре, дастандарын бабалардың,
Жеткізген аманатын, өсиетін.
Қайырмасы:
Құтханам –кітапханам,
Жанымды жұтатпаған,
Санамның шамшырағын,
Кітапсыз тұтатпағам,
Кітапханам!
Үйреттің әр дәуірдің сабақтарын,
Сезімнің кәусарларын, қабаттарын,
Жұлдызға қанат қақтым маржан оймен,
Сезбедім кітап оқып, таң атқанын.
Қайырмасы
Дәстүрін, салтын оқып әр халықтың,
Даналық тарамына жалғаныппын,
Он сегіз мың ғаламдай сыры шексіз,
Әр кітап ашқан сайын жанжаныппын.
Қайырмасы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу