Өлеңдер ✍️

  20.07.2022
  83


Автор: Баян Тіленшина

Анашым

Жүректен жүрегімді бөліп берген,
Мейірі бар әлемге көрік берген,
Анашым, жаным анам, жалғызым –сен,
Бар кезең, бар жағдайда еріп келген.
Қайырмасы:
Анашым, алақанда тербеткенім,
Мейірім уызымен ерке еткенім,
Асқарым, аспан анам, дастан анам,
Табаны жер жұмағын басқан анам.
Ғаламда сенен асқан дана бар ма!
Сен болып ойланам ой сараларда.
Келбетің көз алдымда күндіз –түні,
Хор қызы, ғалым жетпес жан анама!
Қайырмасы
Өсиет, өнегеңді сақтағанмын,
Ешқашан ала жіпті аттамадым.
Атыңнан айналайын, киелі жан,
Өзіңе перзентпін деп мақтанамын.
Қайырмасы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу