Өлеңдер ✍️

  20.07.2022
  79


Автор: Баян Тіленшина

Сен

Сен – менің қайғы-мұңым, қуанышым,
Сен – менің шаттығымсың, жыр-әнімсің,
Сен – менің теңізімсің балық болсам,
Сен менің дәл өзімсің, ұғамысың?
Қуансам, құлыншақ боп саған жетем,
Қамықсам, құшағыңда болам бөпең,
Қорғаймын қасіреттен қасымды да,
Қаратау бедеріндей ізбен өтем.
Арман боп Ай елінде тұрған да сен,
Алдымнан ақ нұрдан жол құрған да сен,
Адалдықпен жұптасқан жүрегіміз,
Ақ торғынды жарыңа құрбан да сен.
Екі сөзді еріксіз, елге қоспа!
Еркіңе ерген кім өзі? Қас па, дос па?
Елпек мінез тұрақты, шынайы емес,
Ер мінезі жоқтарға ерме босқа!
Ыстық қан тулап аққан жүректегі,
Ыриясыз пәк сезімнің жыр-өткелі.
Ығыспа, туралықтың туын ұста,
Ынжықты жаралғам жоқ жыр еткелі!
Болмаған ардан биік жаным- қайғым,
Бақыт іздеп тек басқа жалынбаймын,
Бүкіл әлем сияды құшағыма,
Батасымен халқымның жалындаймын.
Көз жасы сызат салған сыз дененің,
Көңілін қуаныш боп жүз демедім,
Күн кеудеде соғамын жүрек болып,
Күре тамыр жолымды үзбе менің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу