19.07.2022
  124


Автор: Баян Тіленшина

Дәулетім мен Бейбарысымның сүндет тойындағы тілек


Қос қанатым – келінім, ұлым барда,
Тасқа түскен шығармам, жырым барда,
Бауырларым, жан туыс – елім барда,
Қызыр бабам апармас төрім бар ма?!
Перзенттерім ат жалын тартты бүгін,
Мен желпіндім жібектей керімсалда!
Төрт немерем – төрт таған тағымсыңдар,
Тамырланар жұмақты бағымсыңдар,
Жан шуағым – Дәулетім, Бейбарысым,
Өлең салар аузыма ақынсыңдар!
Ақ тілекпен қағылсын сұңқар қанат,
Батасын ал!
Ел деген ақылшың бар.


Біліп тұрмын барлығын дегеніңмен,
Тасып кетпе көпшілік – кемеріңнен,
Өзіңді өзің жеңе алсаң –шын батырсың,
Жеңіс берер кей сәткі шегерінген.
Биіктік пен төмендік байлықта емес,
Адам биік ақылдың кемелінен.
Түп тамырың бұлақтан нәр алғанда,
Туғаны жоқ, тура би саналғанда,
Сүйектері сырқырар іс жасама,
Жетпей –ақ қой жетпесең бар арманға!
Адам болып келгенбіз тіршілікке,
Адам боп қал Бақиға оралғанда!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу