Сүндет той туралы Құттықтау, тілектер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Өлеңдер: 3
Құттықтау, тілектер: 14
Баталар: 6
Туындылар: 1

Дәулетім мен Бейбарысымның сүндет тойындағы тілек
Қос қанатым – келінім, ұлым барда,Тасқа түскен шығармам, жырым барда,Бауырларым, жан туыс – елім барда,Қызыр бабам апармас төрім бар ма?!Перзенттерім..
©  Баян Тіленшина
Сүндет тойға тілек
Пайғамбарымыздың хадисінде мұсылман үшін ең ұлы той – сүндет тойы деген екен. Мұның мәнісі, сірә, балғын жас бала ата-баба жолына түсті..
©  Асаба (тамада)
Сүндеттеліп, балақаным жатырсың,
Қорықпайтын ештеңеден батырсың.
Ер жігітке лайық ісің көбейсін,
Бақыт тілеп өмір таңын атырсын.
Сүндеттелдің 5-жаста,
Ендігі ойға ес таста.
Азамат бол арқалы,
Көсем болып, көш баста
Сүндеттелдің, мұсылмандық міндетіңмен,
Жүрші,ұлым, пайғамбар сүннетімен.
Ерлерге лайық жақсы істер жасап жүрші,
Пайғамбарым мақтанар үмметімен.
Жаратқан, ұлды бердің, дара бердің,
Ендігі есі түзу сана бергің.
Сүндетке отырғыздық, тойлаудамыз,
Есті ұл, ер-азамат дана бергін.
Енді, ұлым, аттың жалын тартып мінсін,
Арқалап елдің жүгін артып жүрсін.
Ерке ұл болмай елдің үлкен ұлы болсын,
Жақсы іске бастау болып шалқып..
Өтедің парызыңды мұсылмандық,
Емес бұл ұялғандық, қысылғандық.
О, Алла рахымыңа мың бір алғыс,
Жаратқан, бізді жерде мұсылманғып.
Мұсылман боп қалыпсың,
Керексіз затты алыпсың.
Қуатты болсын, сүндет той,
Қойынға ақша салыпсың.
Біссіміллә, деп кестім,
Ер жігіт болып өстің.
Азамат боп арқалы,
Басын баста көштің
Ер жігіт бол ел сыйлар,
Еліңе керек жер жинар.
Адалдықты ту еткен,
Арамдыққа жан қинар.
Құрал-сайман сайлаймыз,
Шөтектің басын майлаймыз.
Мұсылман қып ұлымды,
Сүндет тойын тойлаймыз.
Сүндет тойды салыпсың,
Ер жігіт боп қалыпсың.
Әкесіне мақтаулы,
Азамтсың, алыпсың.
Дос-жараңдар келіңіздер сүндет той,
Болмайды той күнде мұндай думан той.
Ер жігіт боп аттың жалын тартпақшы
Болсын тойым бар жиғанды жуған..