Өлеңдер ✍️

  16.07.2022
  124


Автор: Бақтыбай Жолбарысұлы

АСЫП ТУДЫҢ ТАЛАЙДАН

Асып тудың талайдан,
Жалайырда Жəлменде.
Озып жүрсің маңайдан,
Жан менен де, малмен де.
Жолдас болдың болыс, би,
Бекпенен де, ханмен де.
Істес болдың жасыңнан,
Жоқпенен де, бармен де.
Ояз болып, би болып,
Топты жардың сəнмен де.
Серкедей елді бастадың,
Тар босаға, тар жерде.
Нашарға тиген қайырың,
Көріп жүрміз əр жерде.
Үміт етер нашар көп,
Жəлменде би бар жерде.
Əділ болсаң еліңе,
Қайғыланып қам жеме.
Жылағанды жұбатқың,
Тіліңменен бал бер де.
Нашарға тисін көмегің,
Халқыңа жылау, зар берме.
Ел басқарсын туған ұл
Əділ болып жарлы елге.
Құттықтадым ұлыңды,
Өлеңмен де, əнмен де!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу