Өлеңдер ✍️

  16.07.2022
  78


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Тіл ұшына Алла келді...

Тіл ұшына Алла келді,
Аузымды ашып тіл қатып ем.
Әр шумақты, әрбір жолды
Бастап жүрдім Алла атымен.
Тәсбих тасын санағаным –
Мың мәртебе Алла десем.
Болар ма екен қалағаным,
Өмірімді жалға десем.
Жүрегімді жарып шыққан
Өлеңдерден құралатын,
Қиындықтан алып шыққан
Осы менің мінажатым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу