Өлеңдер ✍️

  16.07.2022
  57


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Қорланғандар ақталса да...

Қорланғандар ақталса да,
Сол қалпында қорлаған.
Көңілдегі дық қаншама?
Қатты батты сол маған!
Орнында бар оңалса да,
Сол қалпында онбаған.
Көзі күліп, қол алса да,
Қатты батты сол маған!
Елдің көзі ашылса да,
Сол қалпында көр-надан.
Көкірегі басылса да,
Қатты батты сол маған!
Азайды ма қылмыс, күнә,
Сол қалпында тор-қамал.
Қоям енді кімге кінә?
Қатты батты сол маған!
Алға сүйреп сағым-арман,
Еліктіріп, арбаған.
Бұл өткелсіз дария-жалған
Кімнен кейін қалмаған?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу