Өлеңдер ✍️

  16.07.2022
  60


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Жария қылма әр үйге...

Жария қылма әр үйге,
Бас жарылса, шеке ісіп,
Қорланасың, әрине,
Басқа шапса текешік.
Шықса сенен зор мықты,
Кішірейіп өтесің.
Жаттан көрген қорлықты
Тез ұмытып кетесің.
Алды-артыңа қарашы,
Адам неге жасиды?
Достың салған жарасы
Ұзақ уақыт ашиды.
Көпе-көрінеу даттаса,
Жын жайлайды бос үйді.
Ішке қулық сақтаса,
Содан жаным шошиды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу