Өлеңдер ✍️

  15.07.2022
  79


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Әр қадамың есепте...

Әр қадамың есепте,
Жүрген ізің белгілі.
Өзек болар өсекке
Көңіліңнің кеңдігі.
Бұл өмірдің ұғасың
Саған берген үлесін.
Кірген жерден шығасың,
Шыққан жерден кіресің.
Бірақ, кейін есіткем,
Жолаушыдай кешікккен,
Кірсе-дағы есіктен,
Шыққандар бар тесіктен.
Өткізбесең болғаны
Уақытты бекерге.
Қайтып кірер қақпаны
Қатты жаппа кетерде




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу