Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  81


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Қалғып жатса азанда қала тыныш...

Қалғып жатса азанда қала тыныш,
Алып жатса жапанда дала тыныс,
Гүлден гүлге қонғаны көбелектің
Мұның бәрі – әдемі жаратылыс.
Жаратқанның ісінен мін таба алмай,
Отырасың ешқандай сын таға алмай.
Тыңдап тұрсаң, ұшқан құс, жүгірген аң
Көп дауыспен бір әнді шырқағандай.
Жер жүзіне таралып адам аты,
Құт боп келсе төккен тер, табан ақы.
Жарық жұлдыз, жаққан шам, ойнаған жай,
Мұның бәрі – Алланың ғаламаты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу