Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  61


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Мінәжатын айтып жатыр мұсылман...

Мінәжатын айтып жатыр мұсылман,
Жасын төгіп, жалбарынып, жылаған.
Бұл фәниде елге қысым жасаған
Арылуы қиын шығар күнәдан.
Жарты әлемге жүрсе-дағы ие боп,
Тілді қорлап, мемлекеттер құлаған,
Пайғамбарға тіл тигізіп, күйелеп,
Дінді қорлап, дінбұзарлар жүр аман.
Қарайламай жүріп өткен ізіне,
Сүрінгенге күліп жатса құлаған,
Ырза болса ісіне емес, сөзіне,
Бұл да, бәлкім, біреулерге ұнаған.
Абыржиды астамсынған қамкөңіл,
Келешекке осы күні кім алаң?!
Жаратқанның әмірі ме әлде бұл,
Жер бетінде пенделерін сынаған...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу