Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  94


Автор: Ақылбек Шаяхмет

«Көл беретін несібені тауыса алман!» –

«Көл беретін несібені тауыса алман!» –
Деп жағалау тұрғындары жар салған.
Балықтарға қармақ салған азайып,
Көбейіпті тереңдерге ау салған.
«Жауған қар да таусылады» – демей ме,
Маңыз беріп жатыр, бірақ, кім соған?
Шабақтарды қылғып жатса қомағай,
«Жарайсың!» – деп соғып жүрміз қол соған.
Уылдырық баршамызды қарық қып,
Жеп те жүрміз жеңсік асты аңсаған.
Қарғысы ма деп ойлаймын балықтың,
Адам көрсем абыржыған, шаршаған.
Азық қылсаң қажетіне халықтың,
Қиын күнде ашылады жол саған.
Балық сатып, пайда қылса, анық бұл,
Қияметте құрылады тор соған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу