Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  202


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Көз тастасаң шыққан кезде кезеңге...

Көз тастасаң шыққан кезде кезеңге,
Менікі емес тау да, тас та, өзен де,
Менікі емес ит пен құс та, балық та,
Сонда қалай,
Бұл тірліктен безем бе?!
Менікі ме көкейдегі тілегім,
Менікі ме соғып тұрған жүрегім?
Менікі деп меншіктеген мүліктің
Барлығының иесі бар, білемін.
Артық айтқан жерім болса, кеш, елім,
Менікі ме астымдағы төсегім?
Менікі ме елдің айтқан өсегі,
Тек Жаратқан біледі оның есебін.
Менікі тек аялаған арманым,
Менікі ме қолымдағы бармағым?!
«Сенікімін!» деген сүйген жарым да
Мына маған тартқан сыйы Алланың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу