Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  280


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Адам болсаң парасатты, байыпты...

Адам болсаң парасатты, байыпты,
Алла жолы адалдарға лайықты.
Арғы бетке өткел таппай қиналса,
Жаратушы жібереді қайықты.
Алға бастап қанағатшыл қауымын,
Ұсынғанда көлігі мен сауынын,
Қара жердің кетсе беті жарылып,
Әмірімен жібереді жауынын.
Адал дос па, ғашық жар ма аңсаған,
Жарық шам ба көшелерде самсаған.
Түйір дән бе, тілім нан ба, сусын ба,
Бәрін, бәрін жібереді ол саған.
Жаратқанда он сегіз мың ғаламды,
Барлығынан артық қылған адамды.
Мойыныңды кезек бұрып, сәлем қыл,
Шайтан билеп кетпеуі үшін санаңды




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу