Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  44


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Жаратушы жанды әкеп тәнге салар...

Жаратушы жанды әкеп тәнге салар,
Дем біткенде қараңғы көрге салар,
Кейде төмен, кей кезде өрге салар,
Бұдан басқа бола ма өзгеше амал?!
Пенде көп пе көргенін тәуба санар,
Тапқаны мен баққанын алға салар.
Ақынның да қиналып айтқан сөзін
Жүрегіңе әкеліп Алла салар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу