Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  63


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Төбеге шықсам Аллаға жақын екенмін деп ойлап...

Төбеге шықсам Аллаға жақын екенмін деп ойлап,
Төменде тұрған жұлдызға қолымды создым абайлап.
Ауасын таудың сімірдім, кідірдім артқа қарайлап,
Басыма киген қалпақты әкетті кенет жел айдап.
Жүрсем де қанша ойланып, сырымды шашпай өлеңге,
Тұрса да басым айналып, көз салып едім төменге,
Талпынсам қайта түсем деп, еріккен жел де бәсеңдеп,
Ілінді барып қалпағым тамыры терең еменге.
Мысыңмен басып тасыңды, жоғары тұрсаң, саудалас,
Қолдары жетпей жүргенде көңілді кімдер ауламас.
Көретін қызық аз емес, жағдай да,бірақ, мәз емес,
Балақта –жантақ, етек пен аспанда – көзім, тауда – бас.
Жадырап жүрген шағыңда қалған соң тауда жалаңбас,
Болмаса сенер қасыңда жанашыр жақын, замандас,
Жаңында жүрген жатқа да жүзіңді бұрып, амандас,
Таудағы басың етекке оралмас деме, қаламдас!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу