Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  66


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Құдіреті күшті Жасаған!

Құдіреті күшті Жасаған!
Зорайтып көрсет достарға менің сұсымды,
Азайтып көрсет дұшпанға менің күшімді,
Сен жәрдем қылсаң, баса алмас ешкім мысымды,
Сабыр қып тұрсам, бастармын тағы ісімді.
Көбейтіп көрсет көршіге біздің әулетті,
Кемітіп көрсет, қарақшы келсе, дәулетті,
Көріксіз түрді көрсетсең кейде көрнекті,
Жығатын мыңды болармын биік, сәулетті.
Қолыңда сенің – азғантай затты көп қылу,
Қолыңда сенің – байлардың малын жоқ қылу,
Қолыңда сенің – қиналған ашты тоқ қылу,
Қолыңда сенің – қарайған бетті ақ қылу.
Құдіреті күшті Жасаған!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу