Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  86


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Ғибрат

Ала жіптен аттама,
Лас жерге тоқтама,
Досты көзге мақтама,
Жауды бекер даттама,
Жақсыға кек сақтама,
Кінәліні ақтама,
Жағымпазды жақтама,
Жоқ нәрсені жоқтама,
Сақтай алмас жаныңды
Басқа қонған бақ қана.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу