Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  74


Автор: Мұқанбетияр Мақуов

ЖОЛДА

Желдей есіп шауып келем, арындайды тор дөнен,
Аяқ асты қалып жатыр, таусылмайды жол деген.
Азынатып шыға келсем, әп -сәтте-ақ бір белге,
Бір бел жатыр сұлу қыздай, сұлай түсіп көлденең.
Бұл не деген байтақ дала, алып жатқан кең мекен,
О, туған жер, әр қойнауың осыншалық кең бе екен.
Шауып келем, байқап келем, адамда бар қасиет,
Махаббат пен мейірбандық, бар кеңшілік сенде екен.
Осынша мол ләззаттың, ошағы өз мекенім,
Сезіп келем менде сенің өз ұлыңнан екенім.
Асқар тауың, күміс шыңың сонау бұлтпен тірескен,
Жүрегімде жыр боп жанса, мен биіктеп кетемін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу