Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  73


Автор: Мұқанбетияр Мақуов

САҒЫНЫШ

Сырымды өзіңе сақтадым,
Сен болып шертеді бақтағы үн.
Жүректе сарғайған сағыныш,
Арманның қарсы алған ақ таңын.
Арманды ән қылып айталық,
Сәулетай гүл теріп қайталық.
Айналып келмейді жас дәурен,
Қырда өскен қос гүлдей жайқалып.
Есімде кездерің жайдары,
Бақыттың шырқалар майда әні.
Өзіңмен кездескен кезімдей,
Төбеден аумапты ай да әлі.
Жүрекке беймезгіл от салып,
Аққулар барады топталып.
Ілесіп кетсем бе сен жаққа,
Қызғалдақ қырларды бетке алып.
Сен жаным


Махаббат аймағы.
Қайдасың, қайдасың,
Жанымның қаймағы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу