Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  81


Автор: Мұқанбетияр Мақуов

ТАҒЫ ДА ЖАНЫМ КЕЗДЕСТІМ...

Кездестім саған тағыда жаным, балауса күндер өткенде,
Сан жылдар ізі, көңілдің күзі жаныңды жасқап кеткен бе?
Жанымды жадыратар бақтағы әнің.
Нұр жүзің неге жабырқау тартқан, сағыныш па әлде сарғайтқан,
Ақ тымық түнге үмітімді артып, өзіңе барлық сырды айтқам.
Сен бірақ шапағым боп атпап едің.
Күлкілер күміс жаныма жайлы, құятын мөлдір бұлақ боп,
Армандаушы едім жаныңда мәңгі қалуды жалғыз құрақ боп.
Сен бірақ бұлағым боп ақпап едің.
Кездестім саған тағы да жаным балауса күндер өткенде,
Сан жылдар ізі, көңілдің күзі жаныңды жасқап кеткен бе?
Мен сені шарық іздеп таппап едім,
Таппап едім!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу