Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  61


Автор: Ғали Орманов

Тоғайы торғын Көкше құз

Тоғайы торғын Көкше құз
Төніп тұр биік төбемде.
Көкірегі ащы көк теңіз
Дөңбекшіп жатыр төменде.
Кемерді мəңгі кернеген
Түрі бар – қашан көрсең де.
Күрсінтіп маза бермеген
Күйігін оның басар не?
Төгіле таудың төсінен
Құяды күміс бұлақтар.
Сонда да бір тыныс естігем,
Сабыр қып, сен де құлақ сал:
Жарыса жеткен мөлдірге
Жамырай толқын талпынып,
Құмартып соның деміне,
Құшады сонша алқынып...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу