Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  83


Автор: Ғафу Қайырбеков

БАЙҒАБЫЛДА БІР БАЛА

Байғабылда бір бала əннен туған,
Ол барында арылмас елден думан.
Торғын толқын мінгізіп өркешіне,
Күн шыққанда көмейін нұрмен жуған.
Қайырмасы:
Шырқа, бауырым,
Туған аулың,
Қуанып, соқсын қолын.
Өткен алғаш,
Сан сандуғаш,
Бір саған берсін жолын.
Байғабылда бір бала сайрап тұрған,
Таңдайынан бал құйып таңды атырған.
Боз торғайы даламның сен жасай бер
Өнерімен талайды таң қалдырған.
Байғабылда бір бала əн аулаған,
Бірде шалқып, бір қалқып баяулаған.
Туған жерді сарғайып сағынғанда,
Соны ғана тыңдасам болар маған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу