Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  64


Автор: Ғафу Қайырбеков

«Көк бүлдірген» тоғайы...

«Көк бүлдірген» тоғайы...
Ылғи сары жапырақ.
Мəуесі тұр молайып,
Тама жаздап, қалтырап.
Бармағыңды тигізсең
Бола қалар жосадай.
Бір жақындап сүйгізсең,
Қалады ернің босамай.
Ал содан соң ол аздай
Алақанға өзі кеп,
Тересің тез қол жазбай,
Өзің жемей – көзің жеп.
Ен тоғайда жалғызсың,
Енді асығар несі бар?
Қол қимылдап – қан қызсын,
Шапаныңды шешіп ал!
Дегеніңше: «Ал, шыда!»
Білгеніңше: «Бұл кім?» – деп,
Арғы ағаштың басында
Жалтылдайды бір білек...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу