10.07.2022
  56


Автор: Намаз

Тәяммум

 


Дәрет алуға, не ғұсыл құйынуға су болмаса, бар су жеткіліксіз, не жарамсыз (таза емес) болса не болмаса суды пайдалану денсаулыққа зянды болса алынады.


 


Тәяммум алғанда орындалатын амалдар.


Ниет еттім дәрет алуға.


«Ауузу билләһи минәш-шай-тоонир-ражиим. Бисмил-ләһир-рохманир-рохиим» деп, саусақтың арасын ашып, алақанды таза топыраққа (ол болмаса тасқа) басып, екі қолды алға, кері тартып (үйкеп), алақанды жұққан топырақтан бір-біріне қағып тазарып, қолмен бетке мәсіх тартады. Жоғарыдағы ретпен қолды топыраққа екінші рет ұрып, екі білеке шынтақпен қоса мәсіх тартылады.


 


Тәяммумды бұзатын нәрселер:


Дәрет алуға жетерлік су табылса және оны қолдану мүмкіндігі болса тәяммум бұзылады. Дәретті бұзатын жағдайлар тәямумды да бұзады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу