Өлеңдер ✍️

  10.07.2022
  84


Автор: Ғафу Қайырбеков

Қыз жанарын ашқанда жарқыратып...

Қыз жанарын ашқанда жарқыратып,
Жігіт бойын жіберер қалтыратып,
Солар жəне тəртіпке шақыратын,
Əуреленіп жатпай-ақ ақыл айтып.
Қуғандары дүние бас-бас алтын,
Бұзатындар бұрынғы ата салтын,
Бəсекешіл мұндарлар – машинашыл,
Қатты кетіп, қапыда аунасатын.
Аунамаса, қыз алып қашатындар,
Бөтелкені тісімен ашатындар,
Қарап жүріп, отауын жығып алып,
Ата мүлкін, дəулетін шашатындар.
Көбейсе егер, қиналам, ашынамын,
Сұлуларым, болашақ жақсыларым,
Қыздан артық дүниеде əмірші жоқ,
Мен соларды сендерге тапсырамын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу