Өлеңдер ✍️

  10.07.2022
  55


Автор: Ғафу Қайырбеков

«Мəминə хатун» мавзолейі əдемі...

«Мəминə хатун» мавзолейі əдемі,
Басын қосқан шеберлердің əлемі.
Атабектер əулетіндегі арыстан –
Мұхаммед Жаһан Пехлеванның əйелі.
Таңдандырып он сан ұлтты, халықты,
Ойларынан төгіп нұрлы жарықты,
Архитекторлар – Юсуф ибн Кусейр,
Əжəми ибн Əбубəкір салыпты.
Көрмес көзің бұдан асқан көрікті,
Тас біткеннен жиырма бес жол өріпті,
Төрт ғасыр бойы осылардың үлгісі
Таяу шығысқа ықпал жасап келіпті.
Жан-жағы толы қылыш асынған қошқар-тас,
Дəулет белгісі – бастарынан еш қайтпас.
Бар қызықтан басымдығын өзінің
Тіл жеткізіп өзінен ешкім жақсы айтпас!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу