Өлеңдер ✍️

  10.07.2022
  105


Автор: Ғафу Қайырбеков

Майданда қаза тапқандар –

«Майданда қаза тапқандар –
Өлмейді», – деп айтқан дəл.
Ескерткіште жазу бар,
Партизандар – болгарлар.
Осы арада шайқасқан,
Бауырластың кегі үшін.
Сапырылған жер, аспан,
Жалғаса алмай жең ұшын.
Алты ай бойы алысып,
Жігі ашылмас жауменен.
Жер баурына жабысып,
Қалды не бір тау деген.
Жапырылмай сонда да,
Өне берген тастан гүл.
Секілденіп, қорғаған, –
Ерлік жайлы дастан бұл.
Жалғыз қалған партизан,
Ескерткіш боп тұр қатып.
Ел аузымен айтылған,
Аңыздай-ақ тіл қатып.
«Майданда қаза тапқандар –
Өлмейді», – деп айтқан дəл.
Партизандар – болгарлар,
Бұл жағалай жатқандар.
Тұрегеліп аздан соң,
Қайта кешіп өртіңді, –
Сол тастағы жазуды,
Растайтын секілді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу