Өлеңдер ✍️

  09.07.2022
  90


Автор: Ғафу Қайырбеков

Жаңғыр, кеудем! –

Жаңғыр, кеудем! –
жасыл көктен құй бұршақ!
Кел, балалық! – Жалаңаяқ қиқу сап!
Кел, тірілік, Кел, тұлғалы кесектік,
Кет жанымнан, қисық мінез, қиқым шақ!
Көк ала бұлт, көктем сері, қайдасың?
Сүрт кірлеген жүрегімнің айнасын!
Бар ғаламның түсір соған келбетін,
Көкрегімнің көк шынысы жайнасын!
Күн қонақтап,
Ай – қалықтап – сал дəуір.
Жарты жаһан мен болайын сонда бір.
Зұлқарнайын көтергендей əскерін,
Кең кеудемнен жаңғырықсын зор дабыл.
Мүмкін емес көктем келсе қозғалмау,
Мұндай кезде өшкен өсек, тозған дау.
Тағдыр мені шын ақын ғып жаратсаң,
Өзімді-өзім бір сыйлайтын кез болды-ау!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу