Өлеңдер ✍️

  09.07.2022
  70


Автор: Ғафу Қайырбеков

ШЫН БҰЗЫЛҒАН БОЛСАМ МЕН

1
Сен айтқандай шын бұзылсам егер мен,
Елден безіп, бұлай қаңғып жүрер ме ем.
Ата-бабам аруағына қол сілтеп,
Бар кінəні артар едім түгел мен.
Амалым не, мені еріксіз айырса,
Болысар кім, дауыл шықса, жай ұрса!
2
Жауыздықтан жаның ада болса егер,
Құдай қалап, құшағыңа нұр себер.
Өзіңді өзің бағындырсаң еркіңе,
Сен періште, сені кірлеп кім сөгер!
Сен емессің – елден құдай кетірген,
Өзіңмен бол, – мен өлейін бетіммен!
3
Дінім үшін бар бақыттан айрылғам,
Тəңірім өзі көңілімді жай қылған.
Жүрегім де, арманым да қолыңда,
Десе де еркі: «Жер бетінен тай жылдам!»
Қидым соған өмірімді, отанды,
Қалды менде енді қимас қай құрбан!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу