Өлеңдер ✍️

  29.06.2022
  106


Автор: Марфуға Айтқожина

БƏРІҢ ДЕ ЖҮРЕГІМЕ СИЯСЫҢДАР!

(Елбасының монологы)
Арманым да,
Арым да, ұятым бар,
Қалайша,
Қиянатқа қиясыңдар?!.
Кешегі зəбірліктің заманы өткен,
Бəрің де жүрегіме сиясыңдар!
Қырансыз құлазиды қия-шыңдар,
Егілсем көз жасымды тыясыңдар!
Жаным да,
Ниетім де –
Халқым үшін,
Бəрің де жүрегіме сиясыңдар!
Күндейін бұлттан шыққан ашылыңдар,
Ашылыңдар, арнаған асылым бар!..
Асылым да,
Арманым сендер үшін,
Ынтымақ,
Ықыласқа асығыңдар!
Жан емес едім ойға орашолақ,
Өмірден алдым қанша, жаңа сабақ.
Тұрсыншы, еркіндіктің самалы есіп,
Қалыңдар,
Бір-біріңді,
Арашалап!..
Ғажайып татулықта ұнасым бар,
Татулықтан жарасып –
Тұрасындар!
Бəріңе ойым ортақ,
Сырым ортақ,
Бəрің де,
Жүрегіме сиясыңдар!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу