Өлеңдер ✍️

  28.06.2022
  100


Автор: Марфуға Айтқожина

ҰШТЫ ЖЕБЕҢ

Қашан да бауыр деген қызға жақын,
Өттің бе, тайғанамай мұздан атың?!.
Бақ берді, атақ берді,
Мансап берді,
Қағылып биіктерде жүр қанатың!
Қашан да бауыр деген қызға жақын,
Жүрегі деп тілейтін, сыздамасын.
Ақылың да айбының жарасымды,
Қызығып, көз қиығымен
Қыз қарасын.
Жүретін күш сынасып күштіменен,
Батырдың ұрпағысың,
Ыссы деген!..
Көздеген құралайды бозбала едің,
Кербезге қаршығадай ұшты жебең!..
Бəйек боп, өтпесін деп табаннан ыз,
Бала үшін –
Бəріміз де алаңдармыз.
Тілеген Анаң сенің адал келін,
«Бақытты болса екен деп,
Балам жалғыз...»
Келді кез сырласатын енді өзіңмен,
Арлы, адал жаныңа сенгенмін мен!
Алпыс тұрғай,
Алдыңда белдер жатыр,
Асатын жаның сүйген
Кербезіңмен!
Күрсінген, бірге күліп жұртыменен,
Арманшыл жігіт едің,
Сыршыл ерен!
Сен секілді еліне сыйлы болып,
Биік болып еңсесі,
Жүрсін өрен!
Тұрғам жоқ қалайын деп мақтап бүгін,
Қатар өстік,
Өмірдің жаттап сырын...
Жалғыз едің,
Мінеки, ауыл болдың,
Саған ұл-қыз сыйлайды, аппақ гүлің!
Бəйге торы секілді, жарау анық,
Отырсың, ортамызда дараланып.
Бəйкен аға бастаған ел жақсысы,
Келіпті тойыңа
Ұзақ Қараманов!
Ешкімді демей мынау – күшті, мұңды,
Жинапсың, батыс, шығыс, түстігіңді!..
Жаудырып жатыр саған, жұртың тілек,
Ақ қардай, жауып тұрған қыстыгүнгі!..
Жиырма жетісінде қарашаның,
Мейірлене өзіңе қараса күн.
Ару жандар, жымия –
Жанаса мың.
Жоқ шығар, керегі де арашаның!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу