Өлеңдер ✍️

  27.06.2022
  106


Автор: Марфуға Айтқожина

ҚҰЛЖАДАН КЕЛДІ БІР АҚЫН

Құлжадан келді бір ақын,
Айтуға атын тұратын.
Білмеген жұрттар ол жайлы
Қысылмай менен сұрасын.
Құлжадан келді бір ақын,
Дүбірге жаны қызатын.
Азаматы бір елдің,
Жамылып жүрген қыз атын.
Құлжадан келді бір ақын,
Өлеңмен өрнек сызатын.
Жүрсе де шалғай,
Қиырда,
Бүйрегі бізге бұратын.
Құлжадан келді бауырым,
Аңсаған елін,
Ауылын.
Елемей көктем жауынын,
Елемей қыстың дауылын.
Құлжадан келді бауырым!
Сұрасаң, жаны жібектей,
Əлпештейік,
Жүдетпей.
Алып келген осында,
Сезімге толы жүрек қой,
Сезімге толы жүрек қой!
Құлжадан келді бір ақын,
Сақтаған салтын,
Мұрасын,
Тұнықтан бетер тұнатын,
Халқымен тапқан ұнасым,
Құлжадан келді бір ақын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу