Өлеңдер ✍️

  27.06.2022
  209


Автор: Марфуға Айтқожина

АҚ МОНШАҒЫМ

Сен менің кіп-кішкентай мақтаншағым,
Мойныма таққан інжу,
Ақ моншағым!
Маздатып қараңғыда жаққан шамым,
Жарқырап маңдайымнан атқан таңым,
Кішкентай ақ моншағым,
Ақ моншағым!
Сен менің кіп-кішкентай үмітімсің,
Қашанда саған өмір күні тусын.
Ізіңнен алуан түсті гүлдер өріп,
Қара тас,
Табаныңда үгітілсін.
Сен менің кіп-кішкентай арманымсың,
Қуатым,
Санамдағы ар-намысым.
Сен менің кіп-кішкентай көгершінім,
Көгершінім,
Жаралған самғау үшін.
Сен менің қызыл қанат көбелегім,
Сенімен толықсиды төңірегім.
Сен менің жазатұғын көп өлеңім,
Өзіңмен көктеймін де,
Көгеремін,
Ей, менің қызыл қанат кебелегім!
Сен менің кіп-кішкентай мақтаншағым,
Мойныма таққан інжу,
Ақ моншағым.
Маздатып қараңғыда жаққан шамым,
Жарқырап маңдайымнаң атқан таңым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу