Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  76


Автор: Серік Жетпісқалиев

КІНӘСІЗ БОП ӨТПЕККЕ АСЫҚТЫҢ БА?

Әдірә қап мәні жөн-жосықтың да,
Күмп құладым бейуақ оқыс мұңға.
Көтерем деп жүргенде не бір сынды,
Мұндай сұмдық боларын тосыппын ба?!
Тағдыр сенің сырыңды кеш ұқтым ба,
Құр қалдым ба бір мезет өсіп құмда?!
Артына қап көк желек ұланымның,
Не бітіріп жүрмекпін бөсіп мұнда?!
Күйін кешпей өттің-ау ғашықтың да,
Күнәсіз боп өтпекке асықтың ба?
…Достарың жүр кешегі бірге ойнаған,
Кірпіштерін бейітіңнің тасып мұнда




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу