Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  81


Автор: Алмахан Мұхаметқалиқызы

Ешкiм де емес, бiлем, әйтеу, ақынмын...

Ешкiм де емес, бiлем, әйтеу, ақынмын,
Бүлк-бүлк етiп жүрегiмде жатыр мұң.
Күнкөрiстiң күйбеңiмен бүркенiп,
Кейде мен де жағымпазға сатылдым.
Өткен күндер мида сыр боп iш көрiк,
Отырамын көкжиекке құс телiп.
Бала күндi, дала гүлдi сағынып,
Жұбатамын көңiлiмдi түс көрiп.
Баққа да әуес, сорға да әуес жарық күн,
Мен өзiңнiң қыр-сырыңды жаңа ұқтым.
Мәнсұқ тұтып қасиеттi киенi,
Өзгеге емес, мен өзiме налыппын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу